Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

“Астана” клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

“Астана” клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

“Астана” баскетбол клубының жаңа бас бапкері болып сербиялық маман Миодраг Райкович тағайындалды.

30 жылдан астам тәжірибесі бар бапкер осы уақытқа дейін Сербия, Польша, Венгрия, Жапония, Хорватия және Черногория командаларында еңбек етті. Сонымен қатар Евролига, Еурокубок, ВТБ Бірыңғай лигасы мен Адриатика лигасы сияқты халықаралық жарыстарда командаларды жаттықтырған.

Райкович 2014 жылы Польшаның “Туров” клубын ел чемпионы атандырып, екі рет Польша Суперкубогын жеңіп алды. Ал 2012/13 маусымының қорытындысында Польша баскетбол лигасының үздік бапкері деп танылды.

Еске салсақ, өткен маусымда “Астананы” жаттықтырған Рамунас Цвирка сәуір айында өмірден өтті. Кейін оның міндетін уақытша атқарған Дэйнюс Шаленга команданы Қазақстан чемпионатының финалына дейін алып шықты. Маусым аяқталған соң ол клубпен қоштасты.

Айта кетейік, “Астана” 2026/2027 жылғы маусымнан бастап ВТБ Бірыңғай лигасында қайта өнер көрсетеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан