6 сағат бұрын
Қазақстан ескекшілері әлем кубогында қола алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының 3-кезеңінде Қазақстан қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. А финалындағы жүлделі орындар мен уақыт көрсеткіштері келесідей:
1-орын: Жапония (Чика Йонэзава, Чиаки Томита) 07:14.74 секунд
2-орын: Перу (Алессия Паласиос, Валерия Паласиос) ' 07:18.51 секунд
3-орын: Қазақстан (Екатерина Носкова, Мария Чернец) - 07:21.91 секунд
Мұнда төртінші орынды 07:30.60 уақыт көрсеткішімен Гонконг құрамасы місе тұтты.
Қазақ ескекшілер - Екатерина Носкова мен Мария Чернец әлемдік деңгейдегі бәсекелестерімен соңына дейін таласып, Гонконг спортшыларынан айтарлықтай (шамамен 9 секундқа) озып кетіп, тұғырдан көрінді.
Тағы бір отандасымыз Артём Матусевич жекелей сында А финалында 7-сатыға тұрақтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан батуттағы гимнастикадан әлем кубогында финалға шықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан