Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Қазақстандық ескекшілер әлем кубогінде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық ескекшілер әлем кубогінде қола жүлде жеңіп алды

Фото:ҰОК

Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден Әлем кубогінің үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу сайысында қазақстандық Екатерина Носкова мен Мария Чернец А финалында 7:21.91 уақыт көрсетікішімен, үшінші орынға ие болды.

Жарыста бірінші орынды жапониялық спортшылар Чика Йонэзава мен Чиаки Томита (7:14.74) жеңіп алса, күміс жүлде перулік Алессия Паласиос және Валерия Паласиос жұбына (7:18.51) бұйырды. Төртінші орынға Гонконг құрамасы 7:30.60 нәтижесімен тұрақтады.

Қазақстандық спортшылар финалдық жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Отандастарымыз Гонконг өкілдерінен шамамен тоғыз секундқа озып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, қазақстандық Артём Матусевич ерлер арасындағы жекелей сында А финалында жетінші орын алды.

Әлем кубогінің үшінші кезеңі 28 маусымда аяқталады.

Биылғы додаға 42 елден 650-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Артём Матусевич, Мария Чернец және Екатерина Носкова ел намысын қорғап жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан