1 күн бұрын
Қазақстандық гимнасттар әлем кубогы кезеңінде бақ сынады
Швейцарияның Ароза қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Синхронды секіру бағдарламасында қазақстандық Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева финалға жолдама алды. Финалдық жарыста олар 47,15 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы жекелей сында Ерлан Тасмағамбетов 56,35 ұпай еншілеп, жарысты 13-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан