1 күн бұрын
Спорт журналистері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай отандық спорт журналистикасының өкілдері қазақ журналистикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Sport12.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық марапаты ҚР Туризм және спорт министрлігінде табысталды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тапсырмасымен марапатты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Әлішер Мұқажан табыстады. Іс-шараға Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты.
Марапат алғандардың қатарында спорт журналистикасында 31 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан «Дядя Ваня» ақпараттық арнасының бас редакторы Иван Резванцев те бар.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:
Антон Алексеев – «Тенгри спорт» ақпараттық порталының редакторы;
Күнсұлтан Отарбай – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі;
Тахир Хамракулов – Sport12 ақпараттық порталының бас редакторы;
Ақырыс Сейтқазы – Sportbugin.kz ақпараттық порталының бас редакторы;
Азамат Жоламанов – «Спорт Шредингер» ақпараттық порталының редакторы;
Дмитрий Нестеренко – «Sport+ Qazaqstan» телеарнасының редактор-тілшісі;
Тұрлыжан Әйтенов – KazSports.kz сайтының редактор-тілшісі;
Әли Битөре – Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталының редакторы.
Айта кетейік, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық марапаты. Төсбелгі жоғары кәсіби шеберлігі және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін табысталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов