Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Михаил Шайдоровқа жаңа қарсыластар пайда болды

Михаил Шайдоровқа жаңа қарсыластар пайда болды

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады Sport12.kz.

Еске сала кетейік, бұл елдердің спортшыларына қатысты тыйым Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруі басталғаннан бері күшінде болған.

Алайда өткен маусымда ISU бейтарап мәртебедегі бірқатар спортшыларға Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстарына қатысуға рұқсат берген еді.

2026/27 жылғы маусымнан бастап Ресей мен Беларусьтің барлық спортшыларына жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Дегенмен олар тек бейтарап мәртебеде өнер көрсетеді және бұл мәртебеге сәйкестігін дәлелдеуі қажет.

Осылайша, Ресей мен Беларусь спортшылары Еуропа және әлем чемпионаттарына қатыса алады. Алайда Гран-при кезеңдерінде өнер көрсете алмайды, өйткені оған арналған квоталар алдын ала бөлініп қойған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан