4 сағат бұрын
Софья Самоделкина: Рыбакинаға сәттілік тілеймін!
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жерлесі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаға Уимблдон чемпионаты алдында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Sport12.kz
«Сәлем, Елена! Мен Софья Самоделкинамын. Саған Уимблдонда сәттілік тілеймін! Барлығы тамаша өтеді деп сенемін. Мен саған сенемін, сәттілік!» – деді Самоделкина WTA баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбада.
Еске салсақ, Рыбакина Уимблдон турнирінде 2022 жылы жеңімпаз атанған. Ал биылғы маусымда ол Australian Open чемпионы атанды.
Уимблдон турнирінің бірінші айналымында Елена Рыбакина франциялық теннисші Лоис Буассонмен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов