Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды

Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы

Бүгін Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының Бас хатшысы Арал Садықов пен Федерацияның вице-президенті Сұлтан Қасымов Щучинск қаласында өтіп жатқан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынына арнайы барды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы мәлім етті.

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Айтжан Алдабеков мен Пак Ёнг Роның жетекшілігімен ұйымдастырылып, оған 7 мемлекеттің құрамалары қатысуда. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы, Иордания, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Иран және Тунис командалары бірлескен дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде Арал Садықов пен Сұлтан Қасымов құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін қатысушы елдердің бас жаттықтырушыларына қазақтың дәстүрлі шапанын жауып, алғыс хаттар табыстады.

Айта кетсек, Астана күні қарсаңында елордада салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтарының белсенді демалысын ұйымдастыруға бағытталған ауқымды спорттық және бұқаралық дене шынықтыру іс-шаралары жоспарланған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан