Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Астанада қала күніне орай «Халық добы» қозғалмалы ойындары басталды

Астанада қала күніне орай «Халық добы» қозғалмалы ойындары басталды

«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында 5 және 6 сынып оқушылары арасында дәстүрге айналған «Халық добы» қозғалмалы ойындар сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

«Халық добы» - екі командаға бөлініп ойнайтын, доппен жылдамдыққа және ептілікке бағытталған танымал бұқаралық спорт ойыны. Ол жүгіру, секіру және лақтыру сияқты негізгі қимылдарды дамытып, командалық рухты нығайтады.

«Бүгін Астана қаласының 8 мектебі қатысып жатқан жарыста 120 бала қамтылды. Ережеге сәйкес, әр командада 5 ұл және 5 қыз болуы тиіс. Ойын барысында командалар допты бір-біріне лақтырып, қарсылас команданың барлық ойыншысы ойыннан шыққанға дейін жарысты жалғастырады. Оқушылар арасында танымал бұқаралық ойынымыз жыл сайын қала күні мен Конституция күніне арналып өтеді. Бұл турнирдің басты ерекшелігі - арнайы іріктеуден өткен үздік 8 команда ғана қатысуы», - деді «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директорының орынбасары Әділет Сұлтаналиев.

Осы жолғы жарыста №8, 15, 22, 26, 37, 43, 54, 88 мектептері алдымен топтық кезең және артынша плей-офф жүйесі арқылы жүлдегерлерді анықтайды.

««Халық добы» ойыны мектеп оқушылары арасында танымалдылыққа ие. Мысалы, маусым айында ғана «Дидарлы жаз 2026» қалалық жарысының екінші маусымына қаламыздың 114 мектебінен 2120 оқушы қатысты. Міне, бүгін сол маусымның үздіктері бас қосып жатыр. Басты мақсатымыз - мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуге үлес қосу», - деп «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директорының орынбасары Әділет Сұлтаналиев өз ойын түйіндеді.

Жарыс жеңімпаздары «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының арнайы кубогы мен дипломдарымен марапатталады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан