Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерация команда спортшыларына жаңа қайықтар табыстады

Ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерация команда спортшыларына жаңа қайықтар табыстады

Түркістан қаласында Қазақстан командасының спортшылары Ұлттық федерация тапсырыс берген жаңа қайықтарға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Атап айтқанда, каноэде ескек есуші спортшылар әлемдегі ең танымал брендтің бірі Plastex Boats (Польша) компаниясының өнімін алды. Ал байдарка дисциплинасындағы атлеттер енді осы жаттығуға икемделген әлемдік көшбасшы, Португалияда орналасқан Nelo (M.A.R. Kayaks) компаниясының қайықтарымен жаттығып, жарысқа қатысады.

«Бүгінде көптеген халықаралық жарыста осы соңғы үлгідегі қайықтармен жарысады. Сол себепті бізге дайындықты осы қайықтармен өткізудің маңызы зор. Біздің жабдықтарымыз нәтижемізге тікелей әсер етеді. Мына жаңа қайықтар біз үшін үлкен қолдау»,-деп пікір білдірді команда көшбасшысы Сергей Емельянов.

Екі алпауыт өндірушінің өнімі толық вакуумды қапшық және жоғары температурада қатыру технологиясымен әзірленеді. Негізгі материал - жоғары сапалы көміртекті талшық, кевлар және эпоксидті шайырлар.

Арнайы спорт жабдықтары федерацияның бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы мен бас серіктесі - Спортты қолдау қорының көмегімен сатып алынды.

Ескек есу спорты түрлерінен Қазақстан Ұлттық федерациясының бас хатшысы Әділет Құсманов бұл маңызды халықаралық жарыстар қарсаңында құраманың даярлық жұмысына серпін беретінін атап өтті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан