Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Астана күніне орай өткен «Астана сақасы» турниріне 100-ден астам қатысушы жиналды

Астана күніне орай өткен «Астана сақасы» турниріне 100-ден астам қатысушы жиналды

Бүгін, 6 шілде күні «Ғашықтар» аллеясында «Астана сақасы» асық ату турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыс екі жас санаты бойынша өтіп, жеңімпаздар асық ату мен бесасықтан анықталды. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты жасөспірімдер және ересектер болып бөлінді.

Нақтырақ айтсақ, асық атуда 72 ер азамат, 16 жасөспірім және бесасықта 25 қыз тіркелді.

«Асық ату – қазақ дәстүрімен тығыз байланысты. Бүгінде бұл ұлттық спорт түрі ретінде ресми тіркеліп, күнтізбе негізінде жарыстар тұрақты ұйымдастырылады. Асық ату арқылы балалар мергендікке, ептілікке үйренеді. Жарыстың ең жас қатысушысы 8 жаста болса, ең үлкені 62 жас болып тіркелді. Бәсекеміздің басты мақсаты - қала күні қарсаңында тұрғындарға жоғары көңіл-күй сыйлап, ұлттық спорт түрін насихаттау», – деді жарыс ұйымдастырушысы Нағашбек Ахбаев.

Екінші рет ұйымдастырылған «Астана сақасы» турнирінің басты ерекшелігі – биыл оған тек Астана тұрғындары ғана емес, еліміздің 10-ға жуық облысынан қатысушылардың келуі болды. Олардың арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері де бар.

Айта кетейік, турнир жеңімпаздарына арнайы кубок және түрлі сыйлықтар беріледі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан