2 күн бұрын
Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан қалай өнер көрсетті
Фото: Қазақстан ҰОК
Португалияның Коимбра қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Ерлер арасындағы жекелей секірулерде Никита Тумаков 35-орын, Ерлан Тасмағанбетов 46-орын, Роман Барков 49-орынға жайғасты.
Әйелдер арасындағы жекелей сайыста Евгения Чернышева 35-орыннан көрінсе, Виктория Бутолина 46-орынға тұрақтады.
Ал синхронды секіруде Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағанбетов 13-орынға табан тіресе, Виктория Бутолина және Евгения Чернышева 16-орынмен жарысты аяқтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Көкшетауда триатлоннан Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан