1 күн бұрын
Қазақстан батут гимнастикасынан әлем кубогында бақ сынады
Португалияның Коимбра қаласында батуттағы секіруден әлем кубогының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті.
Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Никита Тумаков 35-орынға тұрақтаса, Ерлан Тасмағанбетов 46-сатыдан көрінді. Ал Роман Барков жарысты 49-орынмен аяқтады.
Әйелдер арасындағы жарыста Евгения Чернышева 35-орынға ие болса, Виктория Бутолина 46-нәтиже көрсетті.
Синхронды секіруде Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағанбетов жұбы 13-орынға жайғасты. Ал Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева дуэті жарысты 16-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан