Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Елімізде «Спортшылар кеңесі» құрылды

Елімізде «Спортшылар кеңесі» құрылды

Кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді, деп хабарлайды Sport12.kz

Олардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі спорт саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге жұмылдырылады.

«Спортшылар кеңесі» отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады.

Кеңестің қызметі спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталады.

«Спортшылар кеңесінің» құрылуы спортшылардың саланы дамытуға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама спорт қауымдастығы, мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы тиімді диалогты нығайтуға ықпал етеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан