Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Түркістанда жастар арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Түркістанда жастар арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

3–11 шілде аралығында Түркістан қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz

Ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 150-ден астам спортшы қатысып, чемпиондық атақ үшін сынға түсуде. Түркістан облысының Ауыр атлетика федерациясы жарыстың жалпы жүлде қорын 2 миллион теңгеден астам көлемде белгіледі.

Соңғы жылдары қазақстандық жастар құрамасы халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2023, 2024 және 2025 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстанның жастар құрамасы Азиядағы көшбасшы командалардың біріне айналып, әлемнің үздік құрамаларының қатарына енді. Ұлттық құрама өкілдері әлем және Азия чемпионаттарында тұрақты түрде жүлде алып, бірнеше әлемдік және құрлықтық рекордтардың авторы атанды.

Чемпионатқа елдің жетекші ауыр атлеттері де қатысып жатыр. Олардың қатарында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үш дүркін әлем чемпионы, Азия және Қазақстан чемпионы Ерасыл Саулебеков, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері әрі Қазақстан чемпионы Алтынай Тәнибергенова, сондай-ақ ұлттық құраманың басқа да мүшелері бар.

7 шілде күні өткен чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Түркістан облысының Ауыр атлетика федерациясының президенті Алмасхан Жамбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамирова қатысты.

Өз сөзінде Ертай Алтаев Мемлекет басшысының спорт саласын дамытуға бағытталған тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды. Ал Мадина Астамирова спортшыларға сәттілік тілеп, қазақстандық ауыр атлетика үшін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы жарыстар Олимпиада жолдамаларын сарапқа салуда шешуші рөл атқарады.

Қазақстан чемпионаты аяқталғаннан кейін жастар құрамасы Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл дайындық 7–14 тамыз аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионаты алдындағы соңғы кезең болмақ.

Ұлттық құрама спортшыларына сәттілік, жарқын жеңістер мен жаңа рекордтар тілейміз.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан