Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Елорда «Болашақ ойындары – 2026» жарысын қабылдауға дайындалып жатыр

Елорда «Болашақ ойындары – 2026» жарысын қабылдауға дайындалып жатыр

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Бұл – цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерін біріктіретін ауқымды халықаралық дода, деп хабарлайды Sport12.kz

Турнир барысында Астана инновациялық спорт түрлерінің орталығына айналады. Фиджитал форматы цифрлық әлем мен оның нақты өмірдегі баламасын біріктіреді. Мысалы, команда әуелі баскетболдың цифрлық нұсқасында бақ сынап, кейін жарысты алаңда жалғастырады.

Турнир бағдарламасына сегіз фиджитал дисциплина енгізілген:

• фиджитал-шутер (Counter-Strike 2);

• компьютерлік MOBA (Dota 2);

• мобильді MOBA (Mobile Legends: Bang Bang);

• Battle Royale (PUBG: BATTLEGROUNDS);

• фиджитал-жекпе-жек (Fatal Fury: City of the Wolves);

• фиджитал-футбол (UFL);

• фиджитал-баскетбол (3on3 FreeStyle);

• фиджитал-билер (Just Dance).

Астанаға әлемнің 50-ден астам ұлтының басын қосатын халықаралық клубтардан 800-ден астам қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар елордаға жетекші технологиялық брендтер мен мыңдаған жанкүйер жиналмақ. Ұйымдастырушылардың болжамынша, 12 күнге созылатын турнирді кемінде 100 мың көрермен тамашалайды.

Жарыстар елорданың ірі спорт нысандарында – «Барыс Арена», Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан