1 сағат бұрын
Жағажай волейболынан жасөспірімдеріміз әлем чемпионатында сынға түседі
Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасының атынан бұл турнирге ерлер арасында Әлихан Ағабек және Оразалы Сағыныш бақ сынайды. Олар «Е» тобында өнер көрсетіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер арасында Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет сынға түседі. Олар «G» тобында өнер көрсетіп, Латвия, Венесуэла және Канада командаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 12 шілдеге дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов