9 сағат бұрын
Отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті
Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz
Топтық кезеңдегі алғашқы матчта қазақстандық спортшылар Хорватия құрамасын 3:0 (25:16, 25:19, 25:19) есебімен сенімді жеңді.
Келесі матчты Қазақстан құрамасы ертең Астана уақытымен сағат 11:30-да Бразилия құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылы АҚШ-та өткен Әлем кубогының қола жүлдегері саналады. Сондай-ақ жігіттеріміз араға 28 жыл салып, 2024 жылы Париж Паралимпиадасына жолдама алған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов