Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық зілтемірші Нұржан Жұмабай алтын медаль жеңіп алды.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 15 жастағы спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (155+193) еңсеріп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, серпе көтеру жаттығуында 193 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Күміс жүлдені Испания өкілі Эрик Гуадамуд Пико 344 келі (156+188) нәтижемен иеленсе, қола медаль мексикалық Хосе Орландоға бұйырды. Оның көрсеткіші – 335 келі (151+184).

Айта кетейік, Нұржан Жұмабай бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында және Бахрейннің Манама қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында да топ жарған болатын. Осылайша, қазақстандық спортшы халықаралық жарыстардағы жеңісті сериясын жалғастырып келеді.

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 79 келіге дейінгі салмақта Ернұр Мырзахмет қола жүлдеге ие болса, 58 келіге дейінгі салмақта Нұрсила Берікбол төртінші орын алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан