5 сағат бұрын
Қазақстандық спорт менеджерлеріне Францияда халықаралық диплом табысталды
Францияда Қазақстаннан қатысқан EMBA in Sport Management халықаралық қос дипломды білім беру бағдарламасының алғашқы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.
Бұл – Франциядағы Éklore-ed School of Management пен Қазақ ұлттық спорт университеті бірлесіп жүзеге асырған, Қазақстандағы спорт индустриясының басшылары мен топ-менеджерлеріне арналған алғашқы халықаралық білім беру бағдарламасы.
Бағдарлама спорт саласындағы жаңа буын басшыларын даярлауға, олардың стратегиялық ойлауын, заманауи басқарушылық дағдыларын дамытуға және халықаралық деңгейде тиімді жұмыс істеуіне бағытталған.
Оқу бағдарламасының жартысы Францияда Éklore-ed School of Management профессорларының қатысуымен өткізілсе, қалған бөлігі Қазақстанда Қазақ ұлттық спорт университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында қазақстандық спорт функционерлері әлемдегі ең беделді веложарыстардың бірі – Tour de France турнирін ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен де танысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан