Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан волейболшылары топтық кезеңде тағы жеңілді

Қазақстан волейболшылары топтық кезеңде тағы жеңілді

Қытайдың Хайкоу қаласында өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші рет жеңілді.

Топтық кезеңнің екінші турында қазақстандық волейболшылар Пәкістан құрамасына 0:3 (14:25, 12:25, 9:25) есебімен жол берді.

Еске салайық, алғашқы турда Қазақстан құрамасы Таиландқа 1:3 есебімен есе жіберген болатын.

Енді қазақстандықтар топтық кезеңдегі келесі кездесуін 14 шілдеде Қырғызстан құрамасына қарсы өткізеді.

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С тобында ұпай еншілей алмай, төртінші орында келеді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 12–18 шілде аралығында Қытайдың Хайкоу қаласында өтіп жатыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан