21 сағат бұрын
Ақмарал Ерекешева Италиядағы жарысты үздік ондықта аяқтады
Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Жекелей сында Қазақстан намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғады.
Қазақстандық спортшылар арасында ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол ұршықпен жаттығуда тоғызыншы орынға ие болып, жарыстың үздік ондығына енді. Сондай-ақ көпсайыста 11-орын, шығыршықпен жаттығуда 13-орын, лентамен 15-орын және доппен 18-орын алды.
Айбота Ертайқызы көпсайыста 32-орынға тұрақтады. Ол лентамен жаттығуда 12-орын, доппен 22-орын, шығыршықпен 35-орын және ұршықпен 63-орын иеленді.
Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы көпсайыста 15-орын алды. Бес доппен орындалатын бағдарламада қазақстандық гимнасттар 19-сатыға жайғасса, үш шығыршық пен екі жұп ұршық жаттығуында 12-нәтиже көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан