1 күн бұрын
Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан ұлттық командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан ұлттық командасы 10-17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Sport12.kz
1/8 финал матчында қазақстандық пара спортшылар Польша құрамасын 3:0 (25:18, 25:18, 25:20) есебімен сенімді түрде жеңіп, әлем чемпионатының үздік сегіз командасының қатарына енді.
Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы матчқа Халықаралық Паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс қатысты.
Келесі кездесу 15 шілдеде Руанда құрамасына қарсы өтетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов