7 сағат бұрын
Қазақстанныңе U18 құрамасы әлем чемпионатын аяқтады
Нидерландтың Гаага қаласында өткен U18 жасөспірімдер арасындағы жағажай волейболынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз өнерін аяқтады.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қорғады. Олар E тобында Чили және Эстония құрамаларын жеңіп, тек Литваға жол берді. Нәтижесінде екінші орынмен плей-оффтың 1/16 финалына шығып, Польша құрамасына есе жіберді.
Әйелдер арасындағы турнирде Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет ел намысын қорғады. Қазақстандық жұп G тобында Латвия, Венесуэла және Канада құрамаларына есе жіберіп, плей-офф кезеңіне өте алмады.
Айта кетейік, жағажай волейболынан U18 әлем чемпионаты 8–12 шілде аралығында Гаага қаласында өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан