1 сағат бұрын
Қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатына кімдер қатысады?
Фото: Қазақстан ҰОК
20–26 шілде аралығында Эстонияның Таллин қаласында қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының намысын 13 мерген қорғайды. Құрама сапына төмендегі спортшылар енді:
- Еңлік Асқар
- Шахзод Ирназаров
- Фатима Ирназарова
- Зухра Ирназарова
- Артём Хорольский
- Андрей Худяков
- Рамазан Хусаинов
- Камила Хусаинова
- Валат Мусаев
- Асадбек Назиркульев
- Александра Садуакасова
- Анастасия Семененко
- Даниил Яковенко
Айта кетейік, 2023 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен әлем чемпионатында Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова бір алтын және бір күміс медальдан жеңіп алған болатын. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер арасындағы командалық сайыста алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Құзға өрмелеуден отандастарымыз Әлем кубогында жүлдесіз қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан