Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Шахматшы Динара Сәдуақасова арнайы стипендиясын тағайындады

Шахматшы Динара Сәдуақасова арнайы стипендиясын тағайындады

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 20 шілдеде атап өтілетін Халықаралық шахмат күніне орай ауқымды қайырымдылық бастамасын іске қосты, деп хабарлайды Sport12.kz

Жоба өз қабілетін толық ашуға тек бастапқы мүмкіндіктер жетіспейтін дарынды балаларды қолдауға бағытталған.

Қазақстанның ең атақты шахматшыларының бірі Динара Сәдуақасова дарынды балаларды қолдауға арналған өзінің атаулы стипендиясын тағайындағанын жариялады. Сыйлықтың алғашқы лауреаты әрі 1 200 000 теңге көлеміндегі мақсатты гранттың иегері Атырау облысынан шыққан болашағынан зор үміт күттіретін 9 жастағы шахматшы Ермұхан Саламат болды. Бір жыл бойы жас спортшы ай сайын 100 000 теңге көлемінде стипендия алып, бұл оған жаттығуға және кәсіби дамуына толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Динара Сәдуақасованың айтуынша, Ермұхан жоғары аналитикалық қабілетімен және спорттық әлеуетімен ерекшеленеді. Алайда өңірлердегі көптеген дарынды балалар сияқты, оның да әрі қарай дамуы мен көшпелі турнирлерге қатысуы үшін демеушілік қолдау қажет.

«Қазақстанда шахматқа деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Бірақ болашақ чемпиондар тек Астана мен Алматыда ғана тәрбиеленбейтінін түсінуіміз керек. Өңірлерде үлкен әлеуетке ие таланттар көп, алайда кәсіби спорт, әсіресе балалар спортында, мықты бапкерлерге, жарыстарға баруға және оқу-жаттығу жиындарына қомақты қаржы қажет болғандықтан, олардың мүмкіндігі толық ашылмай жатады. Бұл стипендия талант пен табандылығы бар, бірақ бастапқы мүмкіндіктері шектеулі балаларға нақты қолдау көрсетуді мақсат етеді», – дейді Динара Сәдуақасова.

Қазақстандық гроссмейстер алдағы уақытта бұл стипендиялық бағдарламаның басқа да дарынды балаларды қамтитынын атап өтті.

Динара Сәдуақасова – жасөспірімдер арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы рапидтен әлемнің күміс жүлдегері, әйелдер арасындағы Азия чемпионы, БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ізгі ниет елшісі, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер және ерлер арасындағы халықаралық шебер.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан