1 күн бұрын
Қазақстандық таэквондошылар әлемдік додада екі медаль еншіледі
Қазақстанның таэквондодан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен командалық Әлем кубогын екі жүлдемен аяқтады.
Аралас командалар арасындағы қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің қола медалін иеленді.
Ел намысын бұл сайыста Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов қорғады.
Бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы жарыстың күміс жүлдегері атанған болатын. Осылайша, ұлттық құрама командалық Әлем кубогын екі медальмен қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан