1 күн бұрын
Волейболды отырып ойнаудан Қазақстанның ерлер құрамасы әлем чемпионатында тарихи қола еншіледі
Қытайдың Ханчжоу қаласында 10–17 шілде аралығында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлемдік додаға ерлер арасында 16 ұлттық құрама қатысты.
Қазақстан құрамасы С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтау арқылы плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Нәтижесінде 1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты.
Ал жартылай финалда қазақстандық команда әлемнің ең мықты командаларының бірі – Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов