Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Мақсат Бақтыбазаров: U23 құрамасы үшін жеке Қазақстан чемпионаты өтуі тиіс

Мақсат Бақтыбазаров: U23 құрамасы үшін жеке Қазақстан чемпионаты өтуі тиіс

Бокстан U23 ерлер құрамасының жаттықтырушысы Мақсат Бақтыбазаров 5-16 шілде аралығында Индонезияда өткен Азия чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды Sport12.kz.

«U23 құрамасы үшін жеке Қазақстан чемпионатын өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл осы жас санатындағы боксшылардың дайындық деңгейін жүйелі түрде көтеруге мүмкіндік береді.

Жас спортшылар ересектер арасындағы ел чемпионатының алғашқы кезеңдерінде-ақ фавориттерге қарсы шығып қалып жатады. Соның салдарынан олар өз әлеуетін толық аша алмай қалуы мүмкін».

Индонезияға қатысқан боксшылардың 2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы көрсеткіштері:

Индонезияға қатысқан боксшылардың 2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы көрсеткіштері:

75 келідегі Азия чемпионы Аман Қонысбек

Ел чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, ең үздік боксшы атанатын Сабыржан Аққалықовқа 0:5 есебімен жол берген.

85 келідегі Азия чемпионы Темірлан Мұқатаев

Ел чемпионатында 90 келіге көтеріліп, бірінші жекпе-жегінде Қызылорда облысының боксшысы Оңталап Рахмановқа 2:3 есебімен есе жіберген.

90 келідегі Азия чемпионы Ибрагим Бетаев

Қазақстан чемпионатына қатыспаған.

55 келідегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бексұлтан Боранбек

Ел чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, Нұрсұлтан Алтынбекке 0:5 есебімен есе жіберген.

60 келідегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нұрасыл Төлебек

2025 жылғы ел чемпионатының екінші айналымында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановтан 0:5 есе жіберген.

70 келідегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбек Мұрсал

Ел чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, әлем чемпионы Абылайхан Жүсіповке 0:5 есебімен жол берген.

80 келідегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Өнер Сейілхан

Ел чемпионатында 85 келіде өнер көрсетіп, ширек финалда Дәурен Мамырдан (0:5) жеңілген.

+90 келідегі Азия чемпионатының қола жүлдегері Аслан Елдібайұлы

Ел чемпионатының финалына дейін жетіп, қолындағы жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады.

50 келі. Нұрзат Оңғаров

Ел чемпионатының жартылай финалында Бекзат Алдамжаровтан 0:5 есебімен жеңілген.

65 келі. Асылхан Көшербай

Ел чемпионатының 1/8 финалында Санатәлі Төлтаевтан 0:5 есебімен жеңілген.

Айта кетейік, 2025 жылы Бақыт Сәрсекбаевтың идеясы арқылы алғаш рет Талдықорған қаласында U22 Қазақстан чемпионаты өткен еді. Алайда ол жоба 2025 жылдан кейін тоқтап қалған болатын. Сол кездегі құрамнан Диас Берікбай (50 келі) пен Нұрислам Қалдыбаев (60 келі) ғана ересектер арасындағы ел чемпионатының ширек финалына жете алды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан