Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Гандболдан Әлем кубогының жеңімпаздары елге оралды

Гандболдан Әлем кубогының жеңімпаздары елге оралды

Бүгін Астана халықаралық әуежайында Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup 2026 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның ерлер құрамасын салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Команда мүшесі Асхан Өксікбаевтың айтуынша, ұлттық құрама бұл турнирге алғаш рет қатысып, бастапқыда үздік үштікке енуді мақсат еткен.

«Еуропада дәстүрлі түрде өтетін бұл Әлем кубогына алғаш рет қатысып отырмыз. Алғашқы мақсатымыз - жүлделі үштікке кіру еді. Бірақ нәтижесінде чемпион атандық. Қарсыластарымыз біз күткеннен де мықты болды. Дегенмен командалық бірліктің арқасында барлық қарсыластан басым түсіп, ең бастысы, мол тәжірибе жинадық», – деді Асхан Өксікбаев.

Еске салайық, турнирдің финалында Қазақстан құрамасы Ливия командасын 28:23 есебімен жеңген еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан