1 күн бұрын
Қазақстанның волейбол федерациясы үйсіз қалған спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан волейбол федерациясы әлеуметтік желіде қонақ үйден шығып қалған спортшылардың жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Әлеуметтік желілерде Қытайда өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қатысты түрлі ақпарат таралуда.
Осыған байланысты Қазақстан Волейбол федерациясы аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Қазіргі таңда ұлттық құрама толық құрамда жарысқа қатысып жатыр. Команданың орналасуы, тамақтануы және турнирге қатысуына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Жарыс ұйымдастырушыларымен және қабылдаушы тараппен барлық жұмыс қалыпты тәртіпте жүргізілуде.
Жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Тексерілмеген мәліметтердің таралуы спортшыларға да, ұлттық құраманың дайындық үдерісіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қазақстан Волейбол федерациясы ұлттық құрамаларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді және барлық ұйымдастыру мәселелері бақылауда», - делінген Қазақстан Волейбол федерациясының парақшасында.
Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте 18 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Қытайдағы Азия чемпионатына қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов