22 сағат бұрын
Триатлоншыларымыз Еуропа кубогында жүлде алды
Қазақстанның жасөспірімдер триатлон құрамасы Румынияның Изворани қаласында өткен Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстандық спортшылар аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. 1:34:56 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдеге Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко ие болды.
Жарыста Румыния құрамасы 1:34:31 нәтижесімен жеңіске жетті. Ал Түркия құрамасы 1:35:42 уақытпен үшінші орын алды.
Айта кетейік, бұған дейін Диана Ержанова жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов