1 күн бұрын
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына кімдер қатысады?
Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.
Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды.
Әлем чемпионаты 12–16 тамыз аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов