5 сағат бұрын
Еліміздің үздік жеңіл атлеттері Астанада бас қосады
Фото: Қазақстан ҰОК
Жеңіл атлетикадан 22–24 шілде аралығында Астанада Қазақстан Республикасының XXXV чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысады. Үш күнге жалғастын жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сындарда, сондай-ақ 4×100 м және 4×400 м аралас эстафеталарында жалпы 48 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Жарыс жолына ұлттық құраманың көшбасшылары Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мухитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және басқа да жетекші спортшылар шығады.
Чемпионат қорытындысы бойынша, алдағы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы жасақталады.
Жарыс Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа стадионында өтеді. Ал лақтыру түрлері бойынша бәсекелер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінің арнайы секторында ұйымдастырылады.
Еске салсақ, Жүзуден Таиландтың Бангкок қаласында өткен жас санатындағы Азия чемпионатының қорытындысы белгілі болды,
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан