Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Қазақстанның U18 қыздар құрамасы FIBA Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстанның U18 қыздар құрамасы FIBA Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

13-19 шілде аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) FIBA U18 қыздар арасындағы Азия кубогының В дивизионы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

«Дала Арландары» брендімен өнер көрсеткен Қазақстанның U18 қыздар құрамасы турнир қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды.

Топтық кезеңде Қазақстанның U18 қыздар құрамасы Самоа құрамасын (88:59 есеп бойынша) мен Кук аралдары құрамаларын (73:48 есеп бойынша) жеңіп, Ливан құрамасына (59:66 есеп бойынша) есе жіберді. Берілген нәтижелер бойынша В тобынын топтық кезеңінде екінші орын алып, ширек финалда Таиланд құрамын 62:34 жеңген болатын. Ширек финалда Қазақстанның U18 қыздар құрамасы Үндістан құрамасын 60:36 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирдің финалына шықты.

Алтын медальдар мен А дивизионына жолдама сарапқа салынған финалда Қазақстанның U18 қыздар құрамасы Ливанға 39:58 есебімен жол беріп, FIBA U18 қыздар арасындағы Азия кубогының (В дивизионы) күміс жүлдегері атанды.

Күміс жүлде – ойыншылардың, жаттықтырушылар штабының және команда мамандарының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Бұл жетістік Қазақстанның U18 қыздар құрамасының FIBA Азия кубогындағы тарихындағы алғашқы үлкен жетістік болып саналады. Сонымен қатар, бұл нәтиже Қазақстандағы әйелдер баскетболының дамуы үшін маңызды белес болып, жас спортшылардың жоғары әлеуетін айқын көрсетті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан