6 сағат бұрын
Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелігі бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аралас жұптық техникалық бағдарлама бойынша жұптық сында Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов үздік үштіктің қатарына кірді.
1. Чинхи Жин / Зиан Ванг - 214.9208 ұпай
2. Ясмина Исламова / Алдияр Рамазанов - 186.1867
3. Менг Тинг Леонг / Хао Женг Ву - 139.1258
Айта кетейік, бүгін әртістік жүзуденВиктор Друзин техникалық соло бағдарламасында топ жарса, жұптық сайыста Мақпал Қалмұрза мен Даяна Джаманчалова 2-орынға тұрақтады.
Еске салсақ, Қазақстан бадминтоннан халықаралық турнирге қатысады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан