1 күн бұрын
Нысана көздеуден Александра Ле әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа бір қадам жетпей тоқтады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасындағы 50 метр қашықтықтан үш қалыпта винтовкамен атудан жарыс аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александра Ле ең үздік нәтиже көрсетіп, 11-орынға тұрақтады.
Қазақстандық мергендер арасында София Шульженко 26-орынға тұрақтаса, Елизавета Безрукова 42-сатыдан көрінді. Ал Арина Малиновская жарысты 43-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Ханчжоудағы бәсеке 31 шілдеге дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов