1 күн бұрын
Су добынан ерлер құрамасы Азия чемпионатының финалына шықты
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жас ерекшелігі бойынша Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы су добынан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз жартылай финалда Сингапур құрамасын 15:9 есебімен сенімді түрде жеңді.
Финалда Қазақстан құрамасы Қытай мен Жапония арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 26 шілдеге дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов