1 күн бұрын
Волейболдан ұлттық құраманың Азия ойындарындағы қарсыластары анықталды
Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының волейбол турниріне ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының қарсыластары анықталды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы А тобына түсіп, Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Біздің команда Қытай және Филиппин құрамаларымен сынға түседі.
Әйелдер арасындағы волейбол турнирі 16-22 қыркүйек аралығында, ал ерлер арасындағы жарыс 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов