12 сағат бұрын
Қазақстандық семсерлесу шеберлері Гонконгтағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ерлер арасында қылыш және әйелдер арасында рапира бойынша жекелей сынның іріктеуі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қылыштасудан Қазақстан командасының спортшысы Назарбай Саттархан, Қуаныш Эргашбай мен Артём Саркисян 1/64 кезеңінен сәтті өтіп, жарыстың плей-офф сатысына жолдама алды.
Олар 1/64 айналымға шығу үшін болған жекпе-жекте:
Назарбай Саттархан канадалық Эндрю Вейді жеңді. Есеп: 15:11;
Қуаныш Эргашбай Аргентина өкілі Марко Трухмановтан басым түсті. Есеп: 15:11;
Артём Саркисян тартысты кездесуде тағы бір отандасымыз Нұрмұхаммед Жайлыбайды бір шаншу айырмашылығымен ұтты. Есеп: 15:14.
Қазақстан құрамасының рапирашылары арасынан 1/64 кезеңге София Актаева өтті. 19 жастағы спортшы ұлыбританиялық Кэйти Кастильо-Бернаусты сенімді түрде жеңді (15:8).
Eртең әлем чемпионатында ерлер арасында рапира және әйелдер арасында семсерлесу бойынша жүлдегерлер анықталады. Қазақстан атынан жарыс жолына Ирина Бакалдина мен София Николайчук шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов