12 сағат бұрын
Азия чемпионатында әртістік жүзуден Қазақстан қоржынына тағы 1 алтын медаль түсті
Әртістік жүзуден Бангкокта өтіп жатқан жас ерекшелік топтары арасындағы Азия чемпионатында бүгін Қазақстан қоржынына тағы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Атап айтқанда, 12 жас және одан кіші топтар бойынша аралас жұптық сынның еркін бағдарламасында Даниал Сырлыбаев пен Айсана Бұрамбек (резерв Адия Жампеисова) жеңімпаз атанды.
Бүгінгі жарыс күні әлі жалғасып жатыр.
Айта кетейік, жүзуден Бангкоктағы сары құрлық чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Жарысқа 12 мемлекеттен 235 спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов