11 сағат бұрын
Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақ ватерполшылары Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелік топтары арасындағы су спорты түрлерінен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалда отандастарымыз Жапония құрамасына 8:12 есебімен есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен ойында Сингапурды ұтқан Қытай спортшыларына бұйырды.
Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирді 4-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан