Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан құрамасы CAVA турниріндегі үшінші жеңілісін тіркеді

Қазақстан құрамасы CAVA турниріндегі үшінші жеңілісін тіркеді

Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан CAVA Men’s Volleyball Championship 2026 турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы кезекті жеңілісіне ұшырады.

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Сергей Трикоз жаттықтыратын команда Шри-Ланка құрамасына 0:3 (22:25, 19:25, 20:25) есебімен есе жіберді.

Осылайша, қазақстандық волейболшылар турнирдегі қатарынан үшінші жеңілісін тіркеді. Бұған дейін ұлттық құрама Өзбекстаннан (2:3) және Бангладештен (2:3) ұтылған болатын. Ал алғашқы ойында Непалды 3:2 есебімен жеңген еді.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 27 шілдеде турнир қожайыны Пәкістанға қарсы өткізеді. Жарыс регламентіне сәйкес, алты команданың ішінен үздік төрт ұжым жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, өткен жылғы CAVA чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алып, қола жүлде үшін өткен кездесуде Пәкістанға жол берген болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан