12 сағат бұрын
Пара үстел теннисінен отандастарымыз халықаралық турнирде 11 жүлде жеңіп алды
Ақтөбе қаласында үстел теннисінен ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz
Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енген беделді додаға әлемнің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Турнир спортшылар үшін халықаралық рейтингтік ұпай жинауға және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жеке сайыстағы жүлдегерлер:
1-орын. Аружан Ғиниятова (7-санат)
2-орын. Раушан Орынбаева (7-санат)
2-орын. Ардақ Нұрмағамбетов (1-санат)
3-орын. Қадырбек Тоққожа (6-санат)
3-орын. Аманкелді Рашқалиев (1-санат)
3-орын. Балзия Таш (8-санат)
3-орын. Әли Мақұлбеков (8-санат)
3-орын. Жанна Әлиева (3-санат)
3-орын. Талғат Ерекеев (9-санат)
3-орын. Мәди Имаков (2-санат)
3-орын. Азамат Оразбек (7-санат)
Айта кетейік, ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі 28 шілдеге дейін жалғасады. Алда спортшылар жұптық және аралас жұптық сайыстарда өзара мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов