11 сағат бұрын
Бадминтоншыларымыз Түркиядағы турнирде жүлделі орынға ие болды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Navek Turkey International 2026 халықаралық турнирінде жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Әйелдер арасындағы жұптық сайыста (U19) Алиса Кулешова мен Диана Наменова қола медаль жеңіп алды.
Ширек финалда қазақстандық жұп Түркия өкілдері Гүлсү Демирбелек пен Элиф Наз Сискиноглудан басым түсті. Ал жартылай финалда Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге (Түркия) есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов