Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Екатерина Галкина Астанаға арнайы келді

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Екатерина Галкина Астанаға арнайы келді

Астанада ALEM PRO CAMP көркем гимнастикадан ауқымды оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

ALEM PRO CAMP көркем гимнастикадан оқу-жаттығу жиыны елордада 27 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді.

Елдің түпкір-түкпірінен жиналған 70-тен астам гимнаст Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларының, ұлттық құрама жаттықтырушыларының, халықаралық спорт шеберлерінің, Олимпиада ойындарына қатысушылардың және жетекші ұлттық мамандардың басшылығымен шеберлікті шыңдауға бағытталған жаттығулар өткізеді. Іс-шараның баста мақсаты – гимнасшыларымыздың біліктілігін арттырып, жүлделі орындардан көрінетін жеңімпаздар дайындап, болашақта шеберлігі артақан маман қатарын көбейту. Халықаралық көркем гимнастика академиясының басшысы Әсем Бақытжанқызы іс-шараның мән-мағынасы туралы ой-пікір білдірді.

– Бізде әр жыл сайын дәстүрлі түрде оқу-жаттығу кезеңі ұйымдастырылып тұрады. Арнайы Беларусьтен халықаралық деңгейдегі білікті маман Екатерина Галкина келді. Ол шеберлігімен бөлісіп, біздің жас гимнасшылардың дағдысын шыңдайды. Бұған арнайы 6 облыс, 8 қаладан гимнасшылар қатысып отыр. Бұл оқу-жаттығу 6 күнге созылады. Тағы да басқа олимпиада шыңдарында жемісті нәтиже көрсетіп жүрген шеберлер, білгір мамандар да өздерінің білген-түйген әдіс-тәсілдерін үйрететін болады. Сондықтан аталған іс-шараның маңызы жоғары, – деді ол.

Айта кетейік, көркем гимнасшылар 12-16 тамыз аралығында Германияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан