Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Орал қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Орал қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

27 шілде күні еліміздің батыс өңіріндегі Орал қаласында садақ атудан ресми түрде жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биылғы ел біріншілігіне Қазақстанның 10 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Ең көп құраманы Жетісу облысы бастап келді (53 спортшы). Жарысқа Орал қаласының мергендерімен бірге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарынан спортшылар да қатысуға шешім қабылдады.

31 шілдеге дейін жалғасатын додада спортшылар классикалық және компаунд садақ ату түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Үздік нәтиже көрсеткен отандастарымыз қыркүйек айында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, биыл Орал қаласы садақ атудан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатын да қабылдаған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан халықаралық турнирде қола алды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан