Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қазақстандық төреші халықаралық турнирде «Үздік төреші» атанды

Қазақстандық төреші халықаралық турнирде «Үздік төреші» атанды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында таеквондодан (WT) өтіп жатқан Kim Un Yong Cup G1 VII халықаралық турнирінде қазақстандық халықаралық дәрежедегі төреші Айдана Махимова «Үздік төреші» атағына ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Беделді халықаралық жарыста әлемнің түрлі елдерінен келген 45 төреші қызмет атқарды. Олардың қатарында Қазақстан атынан халықаралық дәрежедегі төрешілер Руслан Бакиев, Дәурен Алғабаев және Айдана Махимова төрелік етті.

Айта кетерлігі, Айдана Махимова бұған дейін де Түркияда өткен Turkiye Open G1 халықаралық турнирінде «Үздік төреші» атанған болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Ресейде оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан