Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Гонконгте өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден командалық жарыстың финалына алғаш рет жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының кемінде күміс медаліне кепілдік берді. Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі 2025 жылы жеңіп алған қола жүлде болатын.

Финалда қазақстандықтар Украина мен Израиль құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен алтын медаль үшін бақ сынасады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов өнер көрсетуде.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан