1 күн бұрын
Тарихи жеңіс! Қазақстан семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды
Фото:ҰОК
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді.
Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған ұлттық құрама финалда Украина командасын 45:40 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстан тарихындағы семсерлесуден ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесі. Сондай-ақ ұлттық команданың әлем чемпионатындағы тұңғыш финалы болды.
Қазақстандық семсерлесушілер алтын жүлдеге дейін мынадай қарсыластарын жарыс жолынан шығарды:
• 1/16 финал – Финляндияны 45:39;
• 1/8 финал – Өзбекстанды 28:27;
• ширек финал – Данияны 45:36;
• жартылай финал – Мысырды 41:32;
• финал – Украинаны 45:40.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның үздік нәтижесі 2025 жылғы әлем чемпионатында тіркелген еді. Тбилисиде өткен жарыста отандастарымыз Франция құрамасын жеңіп, тарихи қола медаль иеленген еді.
Қазіргі таңда Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингте бесінші орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан